Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам мешіт құрылысымен танысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 23.07.2020 3430 0 пікір
Қызылорда: Бас имам мешіт құрылысымен танысты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қалалық «Нұр» мешітінің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты.
 
«Нұр» мешітінің бас имамы Марат Үркімбаев құрылыспен таныстыру барысында заман талабына сай салынып жатқан жаңа ғимаратта 1000 адамға дейін құлшылық жасай алатынын атап өтті. Имамның айтуынша, мешіт ерлерге және әйелдерге арналған намаз залдарынан бөлек дәріс сыныптары, құран оқыту, неке қидыру және қызметкерлердің жұмыс бөлмелерімен жасақталады. Сонымен қатар, ауласында дәретхана, қасапхана, көлік тұрағы да салынатын болады
 
«Нұр» мешіті – қала орталығында орналасқан ескі мешіт. Бүгінде ғимараты ескі, көлемі кіші болса да, жақсылықтың жаршысы, жамағаттың ұйытқысы, маңайындағы халықты имандылыққа шақырушы ордаға айналған құтты мекен.
 
Мешіттің бас имамы аймақтағы «Шымкент» медресесінде алған діни білімімен қатар, «Қазақ тілі әдибиеті» және «Информатика» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын тәмамдаған білікті кадрлардың бірі. Жас болса да бас болып имамдық қызметінен бөлек мешіт салу жауапкершілігін қатар алып жүрген Марат Дайрабайұлының ұйытқы болуымен жергілікті жанашыр азаматтар мен жамағаттар белсенді үлес қосып, жаңа құлшылық үйінің құрылысы қарқынды жүруде.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру