Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбылда 243-ші үйдің кілті табысталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 22.07.2020 2030 0 пікір
Жамбылда 243-ші үйдің кілті табысталды

Екі мүгедек баласы, аялап отырған қызы бар Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының тұрғыны Шырын Жиенбаеваға «Зекет» қоры үй сыйлады.

Баспаналы болдық деп жүзі жадырай қуанған анаға тұрғын үйдің кілті табысталды. Бұл – ҚМДБ-ның бастамасымен жүргізіліп отырған «Ел үлесі – пәтерге» жобасының осымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп отырған 243-ші үй.

Қуаныштан бал-бұл жанған шаңырақтың шаттығына ортақтасып, кілтін табыстауға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы барып қайтты. 

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған ана үй алып беруге көмек көрсету үшін өтініш тастаған болатын. Комиссия мүшелерінің тексерісінен кейін шешім қабылданып, оған балалар да, анасы да қуанды. 

Бас имам сонымен қатар ауылдың Ақбөпе есімді тұрғынына 200 мың көлемінде жәрдем жасады. Жиын соңында имам жанұяға, кішкентай балапандарға амандық, береке тілеп, бата берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру