Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз қаласына жаңа бас имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 22.07.2020 797 0 пікір
Тараз қаласына жаңа бас имам тағайындалды

Тараз қалалық Кеңесхан қажы мешітіне бас имам болып Амантай Садиев келді. Бұған дейін Ақтөбе қалалық мешітінің имамы қызметін атқарған маман ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен 2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарының имамы қызметіне тағайындалды.

Маманды Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев мешіт қызметкерлерімен таныстырды.

«Дін саласында тәжірибесі мол білікті исламтанушы Тараз шаһарының діни ахуалын көтеруде жемісті еңбек етеріне үміт артамыз» - деген Бейбіт Әліпбайұлы қаланың жаңа бас имамына сәттілік тіледі.

Амантай Әбілдаұлы Алматы Ислам институтында, Түркия елінің Маниса қаласындағы құран курсында, «Ақтөбе» медресе-колледжінде, Түркияның Булу қаласындағы құран курсында оқыған. 5 тілді жетік меңгерген маман Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары орталық мешітінде бас имам, Құспан молда мешітінде наиб имам, Атырау облысы бойынша өкіл имам, Оңтүстік Қазақстан облыстық мешітінде наиб имам қызметтерін атқарған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі