Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Қайырымдылық шарасы Ақтоғайда жалғасты

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.07.2020 2434 0 пікір
Қарағанды: Қайырымдылық шарасы Ақтоғайда жалғасты

Қарағанды облысының түкпір-түкпіріндегі барлық мешіттер жарыса жасап жатқан қайырымдылық іс-шарасы Ақтоғай ауданында облыс бас имамы Өмірзақ Бекқожаның қатысуымен жалғасын тапты.

Ел басына күн туған сын сағатта аймақтың жамағаты және жергілікті тұрғындардың қолдауымен сауапты іс жүзеге асты. Құрбандыққа бір қой шалынып, Алла Тағаладан ел-жұрттың амандығы үшін Құран оқылып, дүйім жұрт дұға тілесті.

Сондай-ақ, бір жылқы сойылып, еті жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасыларға таратылды. Сонымен қатар, әр отбасына 2 литр қымыздан үлестірілді.

Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқат байлық – мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық – кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық – жақсы қасиет» - деген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру