Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда қажылар қауымдастығы құрбандық шалды (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 22.07.2020 2868 0 пікір
Атырауда қажылар қауымдастығы құрбандық шалды (Видео)

Атырауда қажылар қауымдастығы ел амандығы үшін ірі қара мал құрбандыққа шалды.

«Әлемде сонымен бірге, елімізде қалыптасқан қазіргі жағдай кім-кімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Осы құрбандықты шалу арқылы, Алладан еліміздегі індеттің тез арада кетіп қалуын тілейміз. Ауырып жатқан бауырларымыздың деніне саулық беріп, отбасымен қауышқай. Осы індеттің салдарынан өмірден өтіп кеткен барша жандардың иманын жолдас еткей» деп дұға жасады Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбан малының еті әдеттегідей әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Бұл жолы мұқтаж 30 отбасы қамтылды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру