Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Ақтау: Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды.

Бас имам Қайрат Маманбаев пандемия кезінде тұрмысы төмен жандарды қолдау қажеттігін айтты.

–Ислам – қайырымдылық пен жақсылықтың діні. Мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек беруді жалғастыра береміз, - дейді Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

Мешіт қызметкерлері 50 отбасына ұн мен ет таратты. Ақтау мешіті тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруді апта сайын ұйымдастырып, қолдан келгенше қайырымдылықтың көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі