Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 330 отбасыға құрбан еті таратылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 12.07.2020 2647 0 пікір
Ақтөбе: 330 отбасыға құрбан еті таратылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңір Бас имамдарына осындай сын сағатта көбірек истиғфар, салауат айтып, садақа ниетімен құрбандық шалуды ұйымдастыруды тапсырған еді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Науқастарыңызды садақа беріп емдеңіздер» деп өсиет еткен. Әлемді шарпыған індеттің ілмегіне ілініп, науқастанған жерлестеріміздің аман-саулығы үшін Ақтөбе мешіттерінде нәпіл құрбандықтар шалынып, игі дұға жасалды. Жергілікті жамағаттың қолдауымен облысқа қарасты мешіттерде 10 ірі қара мал, 11 қой Алла разылығы үшін құрбандыққа шалынды. Әйел-қыздар секторы да бұл шарадан шет қалмай, ақтөбелік қыз-келіншектер бірігіп шараға атсалысты.

Нақтырақ айтқанда, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті 1 ірі қара, Мұғалжар ауданы 2 ірі қара, Ембі қаласы 1 ірі қара, Алға ауданы 1 ірі қара мен 1 қой, Байғанин ауданы 1 ірі қара, Хромтау ауданы 1 ірі қара мен 1 қой, Әйтекеби ауданы 2 қой, Мәртөк ауданы 2 қой, Ақтөбе қалалық мешіті 1 қой, Сүлеймен ата мешіті 2 ірі қара, Қабақ баба мешіті 1 ірі қара мен 1 қой, Әс-Сәлам мешіті 2 қой, Әйел-қыздар секторы 1 қой союды ұйымдастырды. Жалпы, алғанда 330 мұқтаж отбасыға шалынған нәпіл құрбандықтың 1 тонна 850 келі еті таратылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру