Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Жұмыссыз қалған отбасыларға қайырымдылық жасалды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 11.07.2020 2776 0 пікір
ШҚО: Жұмыссыз қалған отбасыларға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры өкілдігі және Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті карантин кезінде жұмыссыз қалған отбасыларға қайырымдылық жасады.

Шара барысында Өскемен қаласындағы тұрмысы төмен отбасылардың тізімі бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді.

Қайырымдылық туралы: «Тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түліктің қайырымдылығын жасап отырмыз. Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру, дінімізде аса сауапты амалдардың бірі. Әсіресе қазіргідей індет жайлаған, қиын кезеңде әр азамат мұқтаждарды қолдап қайырымдылық жасаса зор сауапты іс болары анық» деп атап өтті,шараны ұйымдасырушылар. Ол сонымен қатар қайырымдылық ісі жүйелі жалғасатындығын жеткізді.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру