Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Онлайн уағыз-насихат қолға алынды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.07.2020 531 0 пікір
Шымкент: Онлайн уағыз-насихат қолға алынды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен әлемді дүрбелең салған СOVID-2019 жұқпалы індетіне байланысты және карантин талаптарына сәйкес Шымкент орталық мешітінде әлеуметтік желі арқылы онлайн уағыз жүргізілуде.

Жұмыс жүйелі болуы үшін онлайн уағыздар ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров ұсынған «Ислам әдебі», «Мұсылманның қарым-қатынасы», «Фиқһ дәрістері» және «Отбасы ғылымхалы» тақырыптары бойынша қолға алынды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының ұйғарыммен уағыз-насихат жұмыстарына Жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Ақтөре Тұрапбай,  Айдос Болатов,  Нұрғиса Мұсаев және Анарғали Керімбеков тартылды.

Онлайн уағыз-насихаттар аптасына төрт күн бойы сағат 13.00-де «Iman.kz – Шымкент имамдары» атты ютуб каналы арқылы таратылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі