Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Мешіт салуға ауыл тұрғындары атсалысуда

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі yassi.kz 17.06.2020 2552 0 пікір
Түркістан: Мешіт салуға ауыл тұрғындары атсалысуда

Түркістан облысы бойынша мешіттерді реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Имамдардың ұсынысымен көптеген ауыл мешіттері күрделі жөндеуден өтіп, кейбірі қайта салынуда.

Құрылысқа жамағаттардың өздері кіріскен. Мүмкін болса демеушілер де тартылуда. Өйткені қазір мешіт салу талаптары күшейтіліп, сәулет-құрылыс басқармаларының бақылауына алынған.

Облыс аумағында 50 мешіт жаңадан бой көтеріп келеді. Соның бірі Азаттық ауылында жергілікті жамағаттың қолдауымен салынуда. Бір ай бұрын басталған құрылыс барысын Түлкібас ауданының бас имамы Мағаз Серік танысты. Алланың үйін салып жатқан азаматтар мен құрылысшыларға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Бас мүфтидің Алланың үйлерінің сәулеті мен сәні келіскен болуы керек деген сөзін еске салып кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру