Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам – Жаңаөзенде

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 15.06.2020 4259 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам – Жаңаөзенде

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттерге арнайы барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Атап айтқанда, Теңге ауылдық «Қосай ата»,  Рахат ауылдық «Рахат-Ислам» мешіті мен Жаңаөзен қалалық мешіттерін аралады. Дін қызметкерлерінен бөлек мешіт жамағатымен жүздесіп, ақшам намазын өткізді.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша мешіттері сақтық шараларын сақтай отыра құлшылықтарын атқарып келеді. Жаңаөзендік мешіттерде де намаз оқушыларға арналған нұсқаулық, антисептик сонымен қатар, арақашықтықты сақтауға арналған белгілер қойылған.

Бас имам «Рахат-Ислам» мешіті және Жаңаөзен қалалық мешіті жанынан салынып жатқан қайырымдылық мекемелерін аралап, танысып шықты. Аталған ғимараттар жақын арада пайдалануға беріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру