Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 209-пәтердің кілті табысталды

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2020 2275 0 пікір
Алматы: 209-пәтердің кілті табысталды

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Алматы облысы Қарасай ауданы «Алмалыбақ» ауылында тұратын төрт балалы жалғызбасты анаға «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 209-пәтерінің кілті табысталды.

Қуанышпен бөлісуге Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Бауыржан Әлиұлы, «Зекет» қорының өкілі Аслан Таласбаев пен дін мамандары қатысып, үйдің кілтін табыстады.

Бас имам жаңа баспана иелеріне бата жасап, көрімдік берді. Ал Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры азық-түлік көмегін көрсетті. 

Жомарт жандардың қолдауымен үйлі болған жалғызбасты ана барлық қайырымды жандарға ризашылық сезімін білдіріп, алғыс айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру