Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 185 отбасыға зекет үлестірілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 22.05.2020 2770 0 пікір
Шымкент: 185 отбасыға зекет үлестірілді

Қасиетті Ораза айт мейрамы қарсаңында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы жалғасын табуда.

Игі шараға Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, қалалық «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, «Ықылас» ҚЖО құрылтайшысы Қалиолла Маджанов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысты.

Айтулы шара барысында Әл-Фараби аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтар елімізге белгілі кәсіпкер, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ардагер ұстаз, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыбек қажы Әзімбайұлына әулетімен жасап отырған қайырымдылық істеріне алғыстарын жеткізді.

Айта кетсек, ардагер-ұстаз Сақыбек қажы Әзімбайұлы қасиетті ораза айт мерекесі қарсаңында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 185 отбасыға зекеттерінің есебінен карантин талаптарына сәйкес ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржынын» үлестірді. Мұнымен қатар, қаладағы үздік он бір мешіт қызметкеріне қаржылай қолдау білдірді.

Осы орайда, ардагер-ұстаз Сақыбек қажының Мұрат және Берік есімді ұлдары бүгінде «ИП Әзимбаев» сауда бірлестігін ашып, жеке кәсіппен шұғылданып, жыл сайын шариғат талаптарына сәйкес садақа, пітір және зекеттерінің есебінен мұқтаж жандарға қол ұшын созып қайырымды шаралар өткізіп келеді. Жуырда Түркістан облысы Мақтаарал аудандағы су тасқынан зардап шеккен азаматтарға алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмектерін жеткізген болатын. Алла Тағала кәсіптеріне береке берсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру