Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдар тегін бетперде таратты

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.03.2020 2774 0 пікір
Шымкент: Имамдар тегін бетперде таратты

Әлемде дүрбелеңге салған СOVID-19 жұқпалы індетіне байланысты ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті «Жүрек жылуы», #Бізбіргеміз қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, имамдар Мұхамеджан Естеміров, Азамат Әбдікерімұлы, Айбек Азимбаев, Бердалы Жәміш және қалалық «Зекет» қоры мен «Жәннатул Фирдауси» қоғамдық қорының ерікті белсенді жастары қала көшелерінде қайырымдылық шарасын өткізіп, жұқпалы індетті жұқтырып алмау үшін халыққа медициналық бетперде таратып, сақтану жолдарын түсіндірді.

Айта кетсек, шара барысында қала тұрғындарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің халыққа үндеуі насихатталып, қайырымдылық негізінде 1000 дана бетперде тегін таратылды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру