Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтаулық имамдар төтенше жағдайға байланысты дұға жасады

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.03.2020 2739 0 пікір
Ақтаулық имамдар төтенше жағдайға байланысты дұға жасады

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Қайрат Қошкелдіұлы бастаған қалалық мешіт имамдары бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп дұға жасады.

Дұғада еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтап, науқастанған жандарға шипа беруін, мешіттерімізді жамағатқа толтырып, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етуін тіледі.

Сондай-ақ ҚМДБ-ның Маңғыстау аймағы өкілдігі, Маңғыстау ауылдық «Миғраж» мешітінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Құран хатым етіліп, дұға жасалды.

Алла тағаладан елімізге тыныш, бейбіт күнді, жұқпалы індеттің жойылуын, халықтың амандығын сұрап, дұға тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру