Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қорындағы қаржылай көмек

"Зекет" қорының баспасөз қызметі 12.12.2019 2614 0 пікір
«Зекет» қорындағы қаржылай көмек

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қорында 10 отбасыға материалды қайырымдылық көмек жасалды. Осындай сыйлыққа мұқтаж жандар қорымызға түскен зекеттердің арқасында ие болды.

Айта кетсек, зекет – әр мұсылманның бес парызының бірі. Мал-мүлкі нисаб көлеміне (әлді адамның ) жеткен мұсылман, өз зекетін төлеп, Алланың әмірін «Зекет» қоры арқылы жасауымен жесірлерге, ауру адамдарға, көпбалалы және тағы басқа мұқтаж жандардың көмегіне қол ұшын созған болады.

Акцияға «Зекет» қорының қызметкерлері қатысты. Қаржылай қайырымдылық көмек аз қамтылған және көпбалалы жанұяларға, ДЦП ауруына шалыққан балаларға және де ауру үлкен кісілерге көрсетілді. Зекет тарату барысында дініміздегі мұқтаждарға көмек жасаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, зекет берушілерге арнайы дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру