Көңіл-күйіміз күніне неше мың мәрте құбылады. Оған тіпті таңқалмайтын болдық. Зерттеулер көңіл-күйді түсіретін факторлардың бар екенін анықтаған. Ал, ендеше, бұл мәселе жайлы шариғатымызда не айтылған екен?
Жаратушы Хақ Тағала мына бір аятта:
Олай болса, біздің көңіл- күйімізге әсер ететін амалдарды қарастырамыз әрі шариғатымыздан қажетті кеңестермен бөлісеміз.
Қай жерде болсын айналамызда адамдардың суреттері қоршап алған (БАҚ, әлеуметтік желілер). Қанша мән бермеуге тырыссақ та, өзгелердің суреттері біздің көңіл-күйімізге әсер етеді. Бұл суреттердің барлығының жасанды екенін біле тұра, өзімізге ұнамайтын жерлеріміз бен қолымыздағы жоқ дүниелерді ойлай бастаймыз.
Кеңес: Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер өздеріңнен жоғары адамдарға қарамақшы болсаңдар, әуелі, өздеріңнен төмен адамдарға қарап алыңдар»,- деген. (Муслим)
Бұл кеңес – өзгелердің асыра сілтей салған суреттеріне мән бермеудің ең қарапайым шешімі. Алайда, кейбір кездері бұл қағида ерікті я еріксіз түрде бұзылып жатады. Ол кезде не істеу керек? Ол кезде өзіміздің есімізге әлеуеттік жағдайы бізден де төмен жандарды есімізге алған жөн. Осылай ғана өзіміздің көңіл-күйімізді тепе-теңдікте ұстап, Аллаға деген шүкіршілігімізді қалыпта ұстай аламыз.
Жақында жасалған зерттеулер адамдар әлеуметтік желіде қаншалықты ұзақ отырар болса, өмірінен бақыт пен қанағаттың жоғалуы соғұрлым тез болатынын анықтаған.
Кеңес: Ол үшін сол желіде пайдалы насихат немесе кеңеспен бөлісу арқылы адам баласы өзін азғырушы ойлар мен пайдасыз амалдардан сақтай алады. Әрі мұндай жанға жайлы насихат өзіміздің де көңіл-күйімізге жайлылық сыйлайды.
Егер дімкәс адаммен ұзақ уақыт бойы бірге уақыт өткізер болса, ол адамның өзі де ауруға шалдығуы бек мүмкін. Көңіл-күй де сол секілді. Көтеріңкі көңіл- күйді жоқ етуші жағымсыз сезімдер екенін ұмытпаған жөн.
Кеңес: Үнемі шағымданып отыратын адамдардан жаныңызды аулақ ұстауға тырысыңыз. Егер олардан құтылу мүмкін болмаса, ол адамның шағымын үнсіз тыңдағаннан гөрі, әңгіме сарынын көңілді әңгімелерге ауыстырып жіберген дұрыс. Сабырлық танытып, ақиқатқа шақырушыларды сүйіншілеген мына аят жайлы әңгіме өрбітіңіз:
Бұл жерде бәрі түсінікті болар. Егер сіздің үйіңіз шашылып жатса, үстел үстіндегі ретсіздік болса бәрі сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Керісінше, тазалық пен реттіліктен өзіңізді жақсы сезінесіз.
Кеңес: «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті есте ұстаған жөн. (Муслим, Сахих)
Бұл ішкі әрі сыртқы тазалыққа да қатысты.
Зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонның, планшеттің, теледидардың жарықтары көңіл-күйімізді реттеуші әрі тек қараңғыда ғана бөлінетін ағзадағы мелатонин гармонын бөлуді тежейді.
Кеңес: Ұйықтар алдында он бес минут уақыттай жарық экранға қарамауды әдетке айналдырыңыз. Оның орына шариғатқа сай ұйықтар алдындағы дұғаны оқып, зікір еткен пайдалырақ.
Ұйқыға кеш жататын адамдардың күннен күнге күйзеліске жиі ұшырайтыны зерттеулер нәтижесінде белгілі болған. Ұйықтар алдында ғаламторды кезіп, өзімізді демалдырамыз деген қате түсінік. Оның үстіне, Жаратушы ұйықтап, дем алу үшін берген уақытты бос нәрсемен өлтірген боламыз.
Кеңес: Төмендегі аят түнгі уақыттағы азғырушылармен күресуге таптырмас көмекші болмақ:
Мұсылман адам уақытын даналықпен жұмсауға тырысады. Кей кездері сол ниетіміз демалудың да қажет екенін естен шығарып жіберетіні жасырын емес. Шариғатымыз рұқсат еткен жолмен тынығуға қарсылық көңіл-күйімізге кері әсерін тигізуі ықтимал.
Кеңес: Тынығудың маңыздылығы жайлы айтылған хадистер баршылық. Хандаля ибн Амир пайғамбарымызға көп уақыты отбасы мен бала-шағасына көңіл бөлумен кетіп қалатынын айтып, шағымданады. Сонда әз пайғамбар: «Бұған да, маңызды істерге де уақыт табу керек»,-деген екен. (Бухари. Сахих; Муслим, Сахих)
Құрамында көп мөлшерде омега- 6 болған тамақтар, қуырылған тамақтар мидың қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді.
Кеңес:
Медициналық зерттеулерге сәйкес, құрамында омега-з мол өнімдер көңіл-күйіміздің көтеріңкі болуына әсер етеді. Мәселен, грек жаңғағы, сардина, сиыр еті, бұршақ тұқымдастар, түсті қырыққабат.
Жаратушыдан осы мақаламыздың оқырмандарға пайдалы болуын әрі көтеріңкі көңіл-күйден айырмауын сұраймыз.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру