Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Жұманқожа» аудандық мешіті (Фото)

«Жұманқожа» аудандық мешіті

Новоишимка селосында бой көтерген. Құрылысы 1999 жылы басталып, 2004 жылы аяқталды. Оны Мұрат Кабинұлы Жұмабеков өз қаражатына  салғызған. Жерінің  аумағы 0,26 га.  Екі қабатты. Екінші қабатында ерлердің намаз залы, ал бірінші қабатында имам бөлмесі, кезекші мен шаруашылық меңгерушісінің бөлмелері орналасқан. Осы қабат астында көлемі 401 шаршы метр асхана бар. Ғимараттың жалпы көлемі 1144 шаршы метр, 300 адамға арналған. Биіктігі 8,2 метр, алды мәрмәрмен қапталған. Сыртқы жағы  ақ кірпішпен қаланған. Күмбезінің биіктігі 14,6 метр, мұнарасының биіктігі 23,2 метр. Аула темір шарбақпен  қоршалған және онда ағаштар мен гүлдер отырғызылған.

Мечети этой области или города