Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Досжан ата» мешiті (Фото)

«Досжан ата» мешiті

Шал ақын ауданы Жаңажол ауылында салынған.  Алла үйінің құрылысы 4 айдың ішінде аяқталып, 2010 жылы Құрбан айт мерекесі қарсаңында қарашада халық игілігіне берілді. Мешіт Бейбiт Сабырұлы Досжановтың жеке қаражатына салынған.

Ғимарат көлемі 150 шаршы метр, 70 адамға арналған. Биіктігі күмбезімен қоса есептегенде 4 метр, күмбез шеңбері 3,6, мұнарасының биіктігі 12 метр.  Есік, терезелері пластиктен. Имамның бөлмесі бар. Дәрет алатын бөлмесі бар. Темір қоршаумен қоршалған.

Мечети этой области или города