Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Қайрош» мешіті (Фото)

«Қайрош» мешіті

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында бой көтерген. 2009 жылдың маусым айынан мешіт құрылысы басталып, 2010 жылы Құрбан айт қарсаңында жаңа мешіт ғимараты пайдалануға берілді. Мешіттің жер көлемі 2,0 га, ғимараттың жалпы көлемі 340,28 шаршы метр, биіктігі 5,5м, ені-20,0х12,0. 300 адамға арналған бұл мешіттің ішіне келетін болсақ: кіре берісте намазхандар киім іліп шешінетін және кезекші  отыратын бөлме, сол жақта имамның бөлмесі, ары қарай  ерлер намаз оқитын үлкен залы бар,  жоғарыда әйелдер намаз оқитын бөлмесі  орналастырылған.  Дәрет алуға арналған бөлмелері де мешіттің ішінде.

Сыртқы келбетін биіктігі 17 метрлік бір мұнара мен төрт бұрышына қойылған биіктігі 13 метрлік  күмбез көркейтіп тұр. Айналасы асфальттанып, әшекейленген темір шарбақтармен қоршалған. Түнде мешіт айналасына жарық беріп тұратын шамдар да орнатылды. Құрылыстың жалпы құны - 60 млн теңгені құрады. Бұл қаражаттың 96 пайызы осынау мешіт ғимаратын тұрғызған «Баянтай» ЖШС-нің директоры Есенғалиев Сырымбет Қайрошұлынікі. Ауласы ағаш егіліп, темір қоршаумен қоршалған.

Мечети этой области или города