«Сепе» мешіті
«Сепе» мешіті Атбасар ауданы Сепе аулында орын тепкен. Алла үйінің іргесі 1998 жылы қаланып, бір жылдың ішінде бітіп, пайдалануға берілді. Ғимаратты өз қаражатына Күлшара Саханова салдырған. Мешіт құрылысына «Сепе» серіктестігі демеуші болды. Жерінің жалпы аумағы 789, ғимараттың көлемі 238,4 шаршы метр. 100 адамға арналған. Биіктігі 2,8 м, пішіні төрт бұрышты, ішкі оң жақ қабырғаларына ағаштан оюлар жасалып және Құран кәрім аяттары нақышталып жазылған. Сәулеті шығыстық үлгіде салынған, имам бөлмесі бар. 5 күмбезді, бір мұнаралы. Ортадағы күмбездің биіктігі 4, қалғандары 3,2 метрден. Мұнараның биіктігі 15 метр, аумағында саялайтын орындар қарастырылған. Аулаға жасыл шырша отырғызылған.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019







+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3