Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Уали» мешіті (Фото)

«Уали» мешіті

«Уали» мешіті Жақсы ауданы Жақсы аулында орналасқан. Құрылысы 2008 жылы басталып, 2010 жылы шілде айында ТОО «Агрофирма TNK»-ның директоры Уалиев Батырбектің демеушілігімен салынып біткен соң, халықтың пайдалануына берілді.

Жер аумағы 1800 шаршы метр, ал ғимараттың жалпы көлемі 311 шаршы метр. 200 кісі намаз оқи алады. Алла үйі 2 қабатты, сырты қызыл-қоңыр кірпішпен қапталған. Іші соңғы заманауи құралдармен жабдықталған, қабырғалары Құран аяттары және ою-өрнекпен нақышталған. Алла үйінде неке залы, дәрісхана, қызметкерлер бөлмесі және имам бөлмелері бар. Мешіт 1 үлкен, 2 кішкене күмбезді, мұнарасының биіктігі 23,9 метр. Мешіт ауласы көгалдандырып, темір шарбақпен қоршалған.

Мечети этой области или города