«Астрахан» аудандық мешіті
«Астрахан аудандық мешіті» Астрахан ауданы Астрахан ауылында орналасқан. Іргетасы 1995 жылдың басында қаланып, 13 желтоқсанда бітіп жамағатқа пайдалануға берілді. Оны салуға мұрындық болған аудандық «Аққайнар» газетінің редакторы, КСРО және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Сейітжан Садауов мырза. Ауласының аумағы 0.2111 га, құбыла жақ беті көл, 120 адамға арналған. Үлкен залының көлемі 14х14, кіреберіс дәлізінің ұзындығы 6х8 метр. Жалпы көлемі 168 шаршы метр, ғимараттың биіктігі 5 метр, пішіні төрт бұрышты. Сырты қызыл кірпішпен қапталған. Күмбезінің биіктігі 7, екі мұнарасының биіктігі 12 метрден.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019







+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3