«Қорғалжын» мешіті
«Қорғалжын» мешіті Қорғалжын ауданы Әубәкіров көшесінде бой көтерген. 1991 жылы құрылысы басталып, 1995 жылдың қазан айында пайдалануға берілген. Ғимарат сол кездегі аудан әкімі Сансызбай Шалиннің басшылығымен салынған. Жобасын осы елдің азаматы ҚР Сәулетшілер одағының төрағасы Ақмырза Рүстембеков жасаған. Жалпы аумағы 450 шаршы метр. 150 кісіге арналған. Ғибадат үйінің сырты қызыл сары кірпішпен қаланып, тас бетоннан тұрғызылған. Ғимарат шығыс үлгісінде бой көтерген. Күмбезінің іші мен қабырғаларына Құран аяттары жазылған. Екі мұнаралы, бір күмбезді. Мұнаралардың биіктігі 15 метр, күмбезінің шеңбері 7, биіктігі 10 метр.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019







+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3