Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре
Білімі мен біліктілігі:
1994 – Сарыағаш аударына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектепті бітірген.
1995 - жылы ҚМДБ қарасты Мерке медересін бітірген.
1995-2002 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша білім алған.
1996-1997 жылдар аралығында Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында «Қожа Ахмед Йассауи» атындағы Құран оқуды үйрететін курста діни сауаттылығын арттырумен қатар түрік тілін меңгерген.
1999-2001 жылдары Либия Араб Жамаһириясындағы «Куллиятуд-дағуа әл-Исләмия» университетіне қарасты екі жылдық «Маъһадул-луғатил арабия» атты араб тілін дамыту институтында оқған.
2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіне магистратуға оқуға қабылданып, шығыстану магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иеленген.
2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдірген.
2009-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде докторантурада оқып, 2013 жылдың мамыр айынан бастап 6D020900- Шығыстану мамандығы бойынша философия ғылымдарының (PhD) докторы ғылыми атағын алған.
Еңбек жолы:
2002-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Экономика және Консалтинг университетінде араб тілі пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2003 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалған.
2005-2007 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде «Әлемдік мәдениет және өркениет» кафедрасында араб тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет еткен.
2007-2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің арабтану кафедрасында аға оқытушысы болып еңбек еткен.
2012-2015 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік архивте білікті маман болып жұмыс жасаған.
2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде жұмыс жасаған.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.
Марапаттары:
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, 2 қыздың әкесі.