Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков
1976 жылы тамыз айының 24 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданыда дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1992 жылы мектеп бітірген соң Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт негізінде Түркияға жоғары білім алу үшін барған.
1992-1993 жылы Бурса қаласындағы түрік тілін үйрету орталығында тіл үйренген.
1993 жылы Бурса қаласындағы Улудаг университетіннің Илаһият (теология) факультетіне түсіп, 1998 жылы «Теолог» мамандығы бойынша бітірген.
1998-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінде оқытушы болып қызмет атқарған. Университет қабырғасында қызмет етіп жүріп «Ислам тарихы (әмәуилер мен аббасидтер кезеңі)» 2002, «Ислам әдебі» 2003, атты кітап жазған.
2003-2005 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын қызыл дипломмен бітірген.
2005-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тамамдаған.
2010 жылдың 30 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Исламдағы сунна ілімінің мәдени, тарихи орны» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
Еңбек жолы:
2004-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Тастақ мешітінде найб имам болып қызмет еткен.
2005-2011 жылдар аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамдық қызметін атқарған.
2008-2011 жылдар аралығында «Орал медресесінің» директоры қызметін қоса атқарған.
2011-2013 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2013 жылдың 27-ші желтоқсан күнінен бастап ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, Маңғыстау облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды.
Отбасылы 5 ұлдың әкесі.