Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

Рашид Сражұлы Мұхитдинов

Рашид Сражұлы Мұхитдинов

Рашид Сражұлы Мұхитдинов

1978 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекенінде дүниеге келген.

Мамандығы:  филолог, исламтанушы.

Ғылыми атағы: филология ғылымдарының кандидаты.

Қазақ (ана тіл), араб (еркін), орыс (жақсы), ағылшын (Pre-Intermediate) тілдерін меңгерген.

 

Білімі: 

- 1995 жылғы ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекеніндегі Ж.Жабаев  атындағы орта мектептің үздік түлегі;

- 1995-1997 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде  араб тілі және әдебиеті бөлімінің студенті;

- 1997-2002 жылдары Ливиядағы «Исламға шақыру» университетінде тәлім алып, араб тілі және исламтану мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған;

- 2002-2004 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде магистратурада тәлім алып, филология мамандығының магистрі дипломын алған;

- 2004-2005 жылдары Ливиядағы «Исламға шақыру» университетінде исламтану мамандығының магистранты;

- 2006-2009 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің ізденушісі; 

- 2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғаған. Тақырыбы: «Диуан луғат әт-турк» және араб лексикографиясы: тарихи негіздері мен теориялық принциптері».

 

Еңбек жолы:

- 2002-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушылық қызмет атқарған.

- 2007-2009 жылдар аралығында «Кәусар-саяхат» ЖШС-де араб тілінен аудармашы, және діни сарапшы редактор қызметін атқарған.

- 2009-2010 жылдар аралығында  Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де оқытушылық қызметті қоса атқарған. 

- 2009-2010 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істер комитетінде діни әдебиеттерге тәуелсіз сарапшы болған. 

- 2010-2011 жылдар аралығында «Кәусар-саяхат» ЖШС-де бас редактор қызметін атқарған.

- 2011-2012 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де аға оқытушылық қызмет атқарған.

- 2013 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың ақпан айларының аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығының мұрағатшысы қызметін атқарды.

- 2013 жылдан бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің доценті.

- 2017 жылдың 2 қыркүйегінен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м.а.

- 2017 жылдың 19 желтоқсанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі.

- 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м.а.

- 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының доценті м.а.

          

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫ: 

1) Жаназа рәсімдері (2006 ж);

2)  Қажылық анықтамалығы (2007 ж. аударма);

3) Умра анықтамалығы (2007 ж. аударма);

4) Намаз әліппесі (2009 ж);

5) Фиқһ әл-ғибадат (2010 ж);

6) «Диуан луғат әт-турк» – түркітану темірқазығы» (монография, 2011 ж);

5) Діни терминдер сөздігі (2012 ж);

8) Құран ілімдеріне кіріспе (2013 ж);

9) Арабша-қазақша сөздікті (50 000 сөз) құрастырушыларының бірі және жауапты шығарушы болды (2016 ж).

10) Дінтану энциклопедиялық сөздік (2018 ж. ұжымдық жұмыс).

11) Қазақ тіліндегі ислам діні сөздерінің қолданылу тарихы (2018 ж).

12) Теолингвистикалық сөздік (2020 ж. ұжымдық жұмыс).

 

ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ: 

Бірнеше араб мемлекеттерінде болып, біліктілігін жетілдірген;

 - халықаралық кездесулер мен конференцияларда ресми аудармашы болған;

 - нотариалды кеңселерде жазбаша аудармашылық қызмет атқарады;

 - 2007-2010 kausar-sayahat.kz сайтын жүргізуші әрі редакторы болған;

 - 2007-2011 жылдар аралығында «Кәусар-саяхат» ЖШС-де ҚР азаматтарын қажылық сапарына алып баруды ұйымдастырған;

- 2013-2014 жылдар аралығында «Орталық Азия ғұламаларының фатуалары және тарихи деректік маңызы» атты ғылыми жоба бойынша аға ғылыми қызметкер болды.

- 2016-2021 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филосиофия және саясаттану факультеті жанындағы «Философия», «мәдениеттану», «дінтану» және «исламтану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі.

- 2017-2020 жылдарда Алматы қаласы, Ішкі саясат басқармасының «Маниториг және талдау орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі.

- 2018 жылы «Қазақстандағы исламтану: тарихы, дәстүрі, дамыту жолдары» атты жобаның мүшесі.

- 2020 жылы «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеу шеңберінде 4.12-тармақ: «Кирилл және латын графикаларында теолингвистикалық сөздік әзірлеу» бойынша құрылған топтың аға ғылыми қызметкері.

- 2021 жылы ҚР БжҒМ-ның AP08857715 «Әл-Фараби трактаттарындағы теолингвистикалық дискурс («Усул ъилм ат-табиъа», «Китабул-Ахлақ» және «Китабул-Хуруф» еңбектері негізінде)» атты жобаның аға ғылыми қызметкері.

- Қазақстан, Италия, Австрия және Мысыр Араб Республикаларындағы ғылыми басылымдарда елуден астам мақалалары жарияланған.

 - елуден астам діни және ғылыми әдебиеттердің редакторы болған.