1990 жылдың 29 шілдесінде Қызылода облысы, Сырдария ауданы, Асқар ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1996-2007 ж. Асқар ауылындағы № 135-ші орта мектепті орташа үлгеріммен тамамдадаған.
2007-2011 ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавриатын аяқтап, 2011-2013 жж. осы университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2009-2012 ж. университет оқуымен қатар Алматы қаласы, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітіне қарасты қарилық медресені бітіріп, қасиетті Құранды толық жаттап шыққан.
Еңбек жолы:
2013-2017 ж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфтидің бұйрығымен, Алматы қаласы Әуезов аудандық «Ақсай» мешітіне ұстаздық қызметін атқарған.
2017-2018 ж. Алматы қаласы, Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде ұстаз болып қызметін жалғастырған.
2018-2020 ж. Алматы қаласы Әуезов аудандық «Ақсай» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
Үйленген, 1 ұл, үш қызы бар.