Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рисалятуль мустаршидин - Ерсін Әміре Абу Юсуф

24.10.2014 7789 0 пікір

Қазан айының 10 жұлдызынан бастап, Алматы қалалық Орталық мешітінде имам Әл-Харистің «Рисалятуль мустаршидин» және имам Әл-Ғазалидің «Ихъя улюмуддин» кітаптары бойынша дәрістер басталды.

Дәрістер сәрсенбі және сенбі күндері, мешіттің үлкен залында, ақшам мен құптан намаздарының арасында қазақ тілінде өтуде. Ұстаз – Ерсін Әміре Абу Юсуф.

Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф Ливандағы Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Жоғары білімінен өзге Ерсін Әміре Қасиетті Құранды жатқа білетін хафиз, сондай- ақ Құран оқудың он түрлі қырағатының бес түрін: шейх Асим, Әбу Амр әл- Басри, Халафул Әшир, Әбу Жағфар әл- Мәдәни және Яқұб қырағаттарын жетік меңгерген.

Сонымен қатар, белгілі мухаддис Абдул- Фаттах Әбу Ғудданың шәкірті шейх Мәжид Дәруиштен хадис ілімі бойынша ижәзәсі бар. Бүгінгі заманның үлкен ғалымы Уахба әз-Зухайлидің шәкірті болып табылатын Ислам экономикасы ілімдерінің докторы Алауддин Заттаридің шәкірті. Хадис ілімі саласында Ерсін ұстаз шариғат ілімдерінің докторы Әли Букоъидан дәріс алған. Өз кезегінде Әли Букоъи белгілі мухаддис Нуриддин Итрдің шәкірті. Сондай- ақ ұстаз Ерсін Әміре көптеген атақты әрі құрметті ғалымдардан ілім алған.

Назарларыңызға ұстаз Әміре Ерсін Абу Юсуфтің имам Әл-Харистің «Рисалятуль мустаршидин» кітабына негізделген сабақтарының аудио-бейнежазбаларын ұсынамыз. Болашақта сабақтардың жалғасы өткізулеріне байланысты қосылып отыратын болады. 3,4-дәрістерін тыңдау үшін төмендегі сілтемеге басыңыз!

Рисалятуль мустаршидин 3,4-дәрістерге өту

Рисалятуль мустаршидин кіріспе

Рисалятуль мустаршидин 1-дәріс

Рисалятуль мустаршидин 2-дәріс

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру