Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 13.05.2026 875 0 пікір
ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындық бойынша мәжіліс өтті.

Жиынға ҚМДБ қызметкерлері, облыс имамдары қатысты. Онлайн және офлайн форматта өткен басқосуда Бас мүфти Құрбан айттың жоғары деңгейде өтуі үшін нақты тапсырмалар берді.

«Құрбан айт – мұсылман үмбетінің ынтымағын арттырып, мейірім мен жанашырлықты насихаттайтын ерекше мейрам. Бұл күндері халқымыз ізгілік жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, бауырмалдық пен татулықтың қадірін терең сезінеді. Сондықтан алдағы мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру – баршамызға ортақ жауапты міндет»,- деп атап өтті Бас мүфти.

Мәжілісте мерекеге байланысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. Атап айтқанда «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы, ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, сондай-ақ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы тиісті бағыттар бойынша баяндама жасады.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру