Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕККЕДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.05.2026 1937 0 пікір
МИССИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕККЕДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан қажылық миссиясы мүшелері Мекке қаласында қажыларға қызмет көрсететін компаниялардағы қажылардың жағдайымен танысты.

Миссия төрағасы Кенжетай Байкемелұлы бастаған жұмыс тобы қажылық компаниялары орналасқан қонақ үйлерге барып, қажылармен кездесті. Кездесу барысында ас мәзірі, азық-түлік сапасы, қонақ үй тазалығы, қажыларға қызмет көрсететін гидтердің жұмысы және күнделікті жүргізілетін уағыз-насихаттың барысы тексерілді.

Қажылармен жүздесу кезінде Кенжетай Байкемелұлы қажыларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, қажылықтың рухани маңызы жөнінде насихат айтты. Әсіресе, Мина мен Арафат аймақтарында орындалатын құлшылықтардың маңызына, сондай-ақ денсаулық пен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше тоқталды.

Бұдан бөлек, миссия дәрігерлері ыстықтан сақтану және денсаулық күтімі бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру