Бүгін Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы студенттермен кездесті.
Кездесуде Бас мүфти:
«Қазір біз білім мен технология дамыған заманда өмір сүріп отырмыз. Бұл – мүмкіндік қана емес, үлкен жауапкершілік. Тек ақпаратты жинау емес, оны орнымен қолдану – нағыз білімнің белгісі. Ал білім мен тәрбиені қатар ұштастыру сіздерді көркем мінезді, иманды, отаншыл азамат етеді», – деді.
Сондай-ақ Бас мүфти Құранның алғашқы түскен аяттары білімнің маңызын айқындайтынын, ал ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үнемі ілім іздеуге шақырғанын атап өтті.
Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, білім жолына сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
03.10.2025
2960
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру