Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.10.2025 2135 0 пікір
XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде XIV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсімінде байқауды ұйымдастырушылар – қариларға байқау шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті. Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.

Қарилар байқауы 4-5 қазан күндері Жетісу облыстық «Иман» орталық мешітінде өтеді және жалпы көрерменге Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Тікелей эфир сілтемесі:  https://www.youtube.com/live/wIZFhe5uVB4 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру