Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облысының Бас имамы өңір асабаларымен кездесті

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 25.11.2026 89 0 пікір
Ақтөбе облысының Бас имамы өңір асабаларымен кездесті

Ақтөбе облысының Бас имамы өңір асабаларымен арнайы кездесу өткізді. 

«Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау борышың» тақырыбындағы жиын өңірдің танымал асабалары мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосты.

Кездесуде облыстың Бас имамы Амантай Садиев асабалардың тек ойын-сауық ұйымдастырушы емес, көпшілікке сөзі өтімді, қоғамдық пікір қалыптастыратын тұлға екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, шарада өзге қатысушыларда  асабалардың қоғамдағы орны, сөз саптау мәдениеті, әзіл-қалжыңның әдебі, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелерін кеңінен талқылады.

Өз кезегінде асабалар да ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мұндай еркін форматтағы жүздесулер ортақ мәселелерді шешуге үлкен септігін тигізетінін жеткізді.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру