Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Абайтану іліміне арналған семинары өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.05.2026 163 0 пікір
Шымкент: Абайтану іліміне арналған семинары өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданындағы «Кенесары хан» мешітінде абайтану іліміне арналған семинары өтті.

Семинарға шаһар Бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың атынан наиб имам Ахметжан Керімбек, қалалық «Халал Даму» мекемесінің басшысы Қазыбек Сарыбаев, ауданның бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Уақып қорының жетекшісі Ералы Есенгелдиев, сондай-ақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қызметкері, жас ғалым, абайтанушы Әзімхан Исабек және аудан имамдары қатысты.

Семинар барысында жас ғалым, абайтанушы Әзімхан Исабек Абай Құнанбайұлы мұрасы, соңғы жылдардағы зерттеулер мен ғылыми-танымдық еңбектерге сүйене отырып мазмұнды баяндама жасады.

 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру