«Дін мен дәстүр» бағыты аясында ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Бекет ата» мешітінде ақсақалдар арасында «Бата дарып, бақ қонсын!» атты бата беру байқауы өтті.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ішінде ерекше орын алатын бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы саналатын рухани құндылық. Шара барысында облыстық мешіттің наиб имамы Іздібай Бегенұлы дәстүрімізді жаңғырту мақсатында бата сайысы ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек Спанұлы ақсақалдардың бата беру мәдениетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау және осы игі дәстүрді қайта жаңғыртудың маңызы зор екенін айтты. Ол бұл рухани мұраны өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау қажеттігін де атап өтті.
Байқауға қатысқан ақсақалдар батаның мазмұны, орындау шеберлігі, сөз саптауы және дін мен дәстүр тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру критерийлері бойынша бағаланды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
I орын – Асылбекұлы Оралбек (50 000 теңге),
II орын – Тілеухан ақсақал (40 000 теңге),
III орын – Тәжібай Төтенұлы (30 000 теңге) иеленіп, арнайы марапатталды.
Сонымен қатар ынталандыру сыйлығы Қарабаев Жақсылық пен Бекиев Әзірбай ақсақалдарға табысталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.03.2026
1430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру