Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: «Һибатулла Тарази» мешітінде жастарға ауызашар ұйымдастырылды

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.03.2026 289 0 пікір
Жамбыл: «Һибатулла Тарази» мешітінде жастарға ауызашар ұйымдастырылды

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жастарға арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Игі шараға мешіт жастары мен еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысып, қасиетті Рамазан айының берекесін бірге бөлісті.

Ауызашардан кейін жастар арасында танымдық әрі тәрбиелік шаралар өткізілді. Атап айтқанда, ұлттық ойындар дәріптеліп, қатысушыларға логикалық сұрақтар қойылып, түрлі қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралар жастардың өзара жақын араласуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және рухани танымын арттыруға бағытталды.

Жастар бас қосқан кеште достық пен бірлік нығайып, қатысушылар әсерлі әрі мазмұнды уақыт өткізді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің жастарды ізгілікке, ынтымаққа және рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеуде маңызы үлкен екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру