Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 891-ші баспана табысталды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.03.2026 875 0 пікір
Қостанайда «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 891-ші баспана табысталды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында Бейімбет Майлин ауданының тұрғынына жаңа баспана кілті табысталды.

Аталған баспана бұған дейін пәтер жалдап тұрып келген, жағдайы төмен, созылмалы дертке шалдыққан, екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға берілді. Бұл игі бастама отбасының тұрмыс жағдайын жақсартып, балалардың болашағына үміт сыйлады.

Салтанатты сәтте Қостанай облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» бағытына жауапты Бақытжан Икрамұлы сөз сөйлеп, жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін білдіріп, батасын берді.

Қасиетті Рамазан айында жүзеге асқан мұндай игі бастамалар – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Жиналған жұрт жаңа үй иелеріне қуаныш тілеп, ақ баталарын айтты.

Айта кетейік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында осы уақытқа дейін еліміз бойынша 891 баспана берілген. Оның 50-і Қостанай облысының тұрғындарына табысталған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру