Қасиетті Рамазан айында игі істер жалғасын табуда. Көкшетау қаласында қала тазалығын қамтамасыз етіп, күн сайын көшелердің көркеюіне еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлеріне ауызашар таратылды.
Шара барысында көше тазалығына жауапты еңбек адамдарына ауызашарға арналған тағамдар үлестіріліп, оларға алғыс пен құрмет көрсетілді. Бұл игі бастама – қоғам игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға қолдау білдірудің және Рамазан айындағы қайырымдылық пен мейірімділіктің айқын көрінісі.
Аталған қайырымдылық шарасының өтуіне Жақия қажы мешітінің бас имамы Ұлан Шарипов және ҚМДБ-ның Зекет және қайырымдылық бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов ұйытқы болды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
12.03.2026
298
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру