Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Жастар ісі секторы ауызашар дастарханын ұйымдастырды

Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 12.03.2026 644 0 пікір
ҚМДБ Жастар ісі секторы ауызашар дастарханын ұйымдастырды

ҚМДБ Жастар ісі секторының бастамасымен, Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы өткізілді.

Іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Бағыжан Күзекбай, Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторы бойынша жауапты маманы Рахымжан Жолдас, сондай-ақ түрлі жастар ұйымдарының көшбасшылары, қала тұрғындары және мүгедектігі бар бала өсіріп отырған аналар қауымының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылар бір дастархан басында бас қосып, ізгі тілектер айтып, дұғалар жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру