Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Арыста «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті

Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 10.03.2026 482 0 пікір
Түркістан: Арыста «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында ҚМДБ Түркістан облысы, Арыс қаласының бас имамы Абдулкамал Абдулкаримнің ұйымдастыруымен, демеуші азаматтардың қолдауымен Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж 60-тан астам отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Қасиетті Рамазан айында жүзеге асқан бұл бастама мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын арттыруға бағытталған.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру