Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН ШАЛАТЫН АДАМҒА НЕ НӘРСЕ МҰСТАХАП БОЛАДЫ?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 19.07.2021 1798 0 пікір
ҚҰРБАН ШАЛАТЫН АДАМҒА НЕ НӘРСЕ МҰСТАХАП БОЛАДЫ?
  1. Құрбандыққа семіз әрі әдемі малды таңдау. Қойдың піштірілген қошқарын, қара ірі мал мен түйенің ұрғашысын бауыздаған абзал[1].
  2. Мал иесінің өзі союы немесе жақсы соятын адамға тапсыру. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың атынан құрбандық шалғанда, құрбандықтың алдында тұруды өтінген және бауыздап жатқан малдың бірінші қаны тамған бойда бұрынғы күнәларының кешірілетінін айтқан[2].
  3. Малды бауыздап жатқанда дұға оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан мына дұғаны оқып, бауыздаған жақсырақ:

وجهت وجهي للذي فطر السماوات والأرض حنيفاً وما أنا من المشركين إن صلاتي ونسكي ومحياي ومماتي لله رب العالمين لا شريك له وبذلك أمرت وأنا من المسلمين‏

Ғибадатымды жер мен аспанды жаратқан Аллаға шын ықылас етіп, толық мойынсұнып, ниет еттім. Мен Оған ешкімді серік қоспаймын. Менің намазым мен ғибадаттарым, расында, бүкіл әлемнің иесі – Алла Тағала үшін, өмірім мен өлімім де – Оның қалауында. Оның серігі жоқ. Мен соған бұйырылдым. Мен мұсылмандарданмын[3].

  1. Құрбандық малды қинамай, алдын ала дайындалған өткір пышақпен жеңіл түрде бауыздау керек.

Малды өтпейтін пышақпен қинап сою – мәкруһ. Малдың жаны бойынан толық шығып болғанға дейін оның терісін сыпыруға болмайды.

  1. Айт күні таңертең тамақ ішпей, сойылған құрбандық етімен ауыз ашу – сүннет.

 

[1] Фәтәуа Бәззазия, 3/156.

[2] Ибн Хиббан риуаят еткен.

[3] Мүслим риуаят еткен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі