- Намаз оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ
«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»[1], – дейді.
- Дұға жасау. Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:
اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي
«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт»[2].
Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.
«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан
[1] Бухари, №1901.
[2] Термизи, №3513. Ибн Мәжә, №7712. Ахмад, 25384.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру