Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРІ БАР?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 12.04.2023 12629 0 пікір
ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРІ БАР?

Қадір түнінің белгілері жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады»[1], – деген.

Тағы бір риуаятта: «Қадір түні тұнық әрі жарық болып, айдың өзі бейне бір нұрға толы болады. Ол түн, суық та ыстық та емес, тыныш та жайлы болып, таң атқанша жұлдыздардың ағып түсуіне тыйым салынады. Бұл түннің тағы бір белгісі, таңертең күн сәулесі, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға күнмен бірге жарыса шығуларына рұқсат етілмейді» [2], – деп сипаттағаны риуаят етілген.  

Келесі хадисте: «Бұлт та, жаңбыр да, жел де болмайды...»[3] делінген.

 

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан

 

[1] Байһақи, 3/1360. Ибн Хузайма, №2192.

[2] Ахмад, 5/324. Табарани, №1119. Ибн Кәсир, жәмиғ әл-мәсәнид уә әс-сунән, 5729. №774. Әл-Ирақи, Ләйләту әл-қадр, 51. №807. Ибн Абдулбар, әл-истизкәр, 3/300. №464. Иснәді хасан.

[3] Табарани, №139. 22/59.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру