Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАН ТАПСЫРУҒА БОЛА МА?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 14.06.2024 1139 0 пікір
ҚАН ТАПСЫРУҒА БОЛА МА?

Ислам өзара бір-біріне көмектесуге және өзгелерді құтқаруға шақырады. Қан донорлығы арқылы науқас адамды құтқаруға септігі тиеді. Сондықтан заманымыздың көпшілік ғалымдары қан тапсыруға рұқсат берген. Өйткені оны істеген адам бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады дейді[1].

Алла Тағала Құранда былай дейді:

وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا

«Кім біреуді өлімнен құтқарып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады»[2].

Алайда мынадай шарттар табылуы тиіс:
  1. Аса зәруліктің болуы; Яғни оның орнын басатын таза баламасы жоқ әрі сенімді, білікті медицина мамандарының шешімімен науқас адамның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы һәм емі болуы тиіс.
  2. Донордың денсаулығына ешқандай зиян жетпеуі;
  3. Донордың өз еркімен, разылығымен беруі;
  4. Қанды құю процесі білімді, білікті дәрігерлердің бақылауымен жүзеге асыуы шарт[3].

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] Әл-Мәусуғату әл-муйассара фи фиқһи әл-қадая әл-муғаса, 541-542.

[2] «Мәйда» сүресі, 32-аят.

[3] Али Мухиддин әл-Қараһдағи, Фиқһу әл-қадая әт-тиббия әл-муғасара, 547. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру