Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИСЛАМ АҒЗА АУЫСТЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРЕ МЕ?

Хасан Аманқұл muftyat.kz 17.11.2022 4069 0 пікір
ИСЛАМ АҒЗА АУЫСТЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРЕ МЕ?

Кейбір аурулар адам ағзасының жұмысын тоқтатып, оны ауыстырып салу қажеттілігіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ағзаны ауыстыру (трансплантаттау) деп ағзаларды (ағзаның бөлігін), тіндерді (тіннің бөлігін) ағзаның басқа жеріне немесе басқа ағзаға ауыстырып салу түсініледі. Бүгінгі күні бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі секілді ағзалар трансплантаттанады.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың құлдары, ауырғанда емделіңдер! Себебі, Алла Тағала әрбір дертті шипасымен қоса жаратты. Шипасы жоқ дерт – өлім мен кәрілік», – деген (Ахмад).

Мысыр пәтуа орталығы, Ислам конференциясы ұйымы жанындағы Фиқһ академиясы және Кувейттің Дін істері министрлігі осы мәселеге қатысты пәтуа шығарған, онда: «Ағзаларды ауыстыруға тірі адамнан да, өлген адамнан да рұқсат етіледі. Қайтыс болған адамның ағзасын трансплантаттауға рұқсат беру үшін келесі шарттар орындалуы керек:

1. Ағзаны ауыстыру науқасты емдейтін жалғыз ғана жол екені жайлы білікті маманның шешімі;
2. Трансплантаттау ғана науқас адамға көмектесеті жайлы дәрігерлердің сенім білдіруі;
3. Ағзасын донор ретінде беретін адамның қайтыс болғанға дейін ағзасын өлгеннен кейін трансплантаттауға рұқсат беруі;
4. Ағза доноры медициналық әрі діни тұрғыдан да өлді деп жариялануы;
5. Донорлық ағзалардың тауар секілді сатылуына тыйым салынуы;
6. Науқас адамның өз ағзасын ауыстыруға келісім беруі.

Ал тірі адамның ағзаларын трансплантаттау үшін келесі шарттар орындалуы керек:

1. Донордың ағзасын алғанда оның денсаулығына зиян келмейтіні жайында білікті дәрігерлердің шешім шығаруы;
2. Донор болған адамның белгілі ағзасын алу оның өміріне ешқандай қауіп төндірмеуі;
3. Адамның ағзасын сауда тауарына айналдырмау, одан ешқандай пайда көздемеу шарт» делінген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесі де 2015 жылы бұл мәселе туралы осындай пәтуа қабылдаған.

 

Хасан АМАНҚҰЛ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру