Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 01.10.2026 50 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілдерін қабылдады.

Кездесуге ЕҚЫҰ-ның Диалог және сенім шаралары жөніндегі арнайы өкілі Серж Румин, Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристин Хонеггер Золотухин, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі басшысы Алексей Рогов және ЕҚЫҰ Хатшылығының медиацияны қолдау жөніндегі маманы Лара Грубен қатысты.

Кездесу барысында тараптар дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы өзара түсіністік пен сенім мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Бас мүфти Қазақстанда түрлі дін өкілдері арасындағы өзара құрмет пен келісімнің қалыптасқанын атап өтіп, бұл бағытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар діни құндылықтарды дәріптеу, жастардың рухани тәрбиесі және қоғамдағы татулықты нығайтуға бағытталған бастамалар туралы айтты.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның бейбітшілік пен диалогты дамытудағы тәжірибесіне тоқталып, діни ұйымдардың қоғамдағы келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Кездесуде диалог алаңдарын дамыту, медиация мен өзара сенім тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ ортақ құндылықтар негізінде ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар бейбітшілік, өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзара байланыстарды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.










Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру