Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕ АУҚЫМДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 06.09.2026 64 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕ АУҚЫМДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен ауқымды қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Игі іс-шара барысында Ақтөбе қаласындағы 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттері үлестірілді.

«Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – қасиетті Мәуліт айында өздеріңізді қуантайық деген ниетпен алдарыңызға келіп отырмыз. Мәуліт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты әрбір өңірдегі мешіттерде арнайы мерекелік сыйлықтар таратылуда. Алла әрқашан қуанышта жүруді нәсіп етсін. Кішкентай балапандарыңыз ертең өскенде елге қызмет ететін, өзгелерге көмектесетін бауырмал тұлға болсын. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру