Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҮШ МЕШІТКЕ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.09.2026 240 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҮШ МЕШІТКЕ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған жұмыс сапарында мүфтияттың 35 жылдық мерейтойына орай дін жанашырлары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен Ақтөбе қалалық орталық мешітіне, Хромтау аудандық «Нұр» мешітіне және Байғанин аудандық орталық мешітіне алынған қызметтік жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

Бас мүфти жаңа автокөлікті мешітке уақып еткен, яғни мүлікті игі істер үшін мешітке арнайы сыйға тартқан кәсіпкер азаматтарға айрықша алғысын білдіріп, ризашылық ниетін жеткізді.

Айта кетсек, асыл дінімізде қайырымдылықтың ең абзалы – уақып жасау. Шариғатта «уақып» сөзі белгілі бір мүлікті жарамсыз болғанға дейін Алла жолында тұрақты түрде пайдалану мақсатында арнау дегенді білдіреді.
Бұл автокөліктер мешіттің діни-ағартушылық жұмыстарын жандандырып, шалғай ауылдарға жетуге, әлеуметтік көмек пен қайырымдылық шараларын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Уақып арқылы жүзеге асып жатқан мұндай бастамалар қоғамда ауқымды қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етпек.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру