Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 04.09.2026 536 0 пікір
XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсімінде байқауды ұйымдастырушылар – қариларға байқау шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті. Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.

Қарилар байқауы 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде өтеді және жалпы көрерменге Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және «МұнараТВ» телеарнасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBL 
















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру